Медициналық жабдықтарды жаңартуға 1,5 триллион теңге қажет
Медициналық жабдықтарды жаңартуға 1,5 триллион теңге қажет
5,123
оқылды
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақ­стан­да медициналық жабдықтарды жаңарту үшін 1,5 триллион теңге қажет екенін мәлімдеп отыр. – Шыны керек, медициналық құрал-жабдықтар ескірген. Біз­дің есептеуіміз бойынша, қазіргі заманғы технологияларды есеп­ке алмағанның өзінде, бұл инфра­құрылымды қалпына келтіру үшін шамамен 1,5 триллион теңге керек. Ең алдымен, ауылдық елді мекендер медициналық жаб­дықтардың тапшылығын сезіп отыр, – деді. Министр бұл жұмыстар бас­тал­ған кезде кезең-кезеңімен орын­далуы қажет екенін ескертті. – Қазір бұл жұмысты қолға алу қажет. Бірінші кезекте аудандық ауруханалар мен емханаларды ны­ғайтқан жөн. Екінші кезекте об­лыстар мен қалаларда көп­бе­йін­ді медициналық орталықтар салынуы тиіс. Сонда ғана меди­ци­наның түрлі саласындағы ма­ман­дарды біріктіре аламыз, – деді Біртанов. Одан бөлек, ол еліміздегі ме­ди­­­ци­наның кемшіліктерін де айтты. – Өкінішке қарай, кей кезде ауыр халдегі науқастар түскенде қиындыққа тап боламыз. Сосын науқасты бір ауруханадан екінші ауруханаға жіберіп мезі қыламыз. Осы жайында шағым көп. Мүл­де таусылмай жатыр. Сосын ауыр­ған адамның жағдайы тіптен қиын­дап кетеді, – деді. Елжан Біртановтың айтуын­ша, коронавирус кезінде дәрігер­лер де қиындыққа тап болған. – Тіпті, індет кезінде жұқпалы аурулар емханасында да мәселе шықты. Күрделі патологиясы мен пневмониясы бар науқастар пайда болған кезде, біз жұқпалы ауруханаларға медицинаның басқа саласындағы мамандарды шақыруға мәжбүр болдық, – деп толықтырды. Сөз соңында министр еліміз­дің әрбір өңірінде заманауи көп­фун­к­ционалды медициналық орта­лықтар құру қажет екенін айт­ты.  

М.ТӨЛЕУ