Мектеп түлектері аттестаттарын қоқыс жәшігіне тастады
Мектеп түлектері аттестаттарын қоқыс жәшігіне тастады
Видеодан алынған кадр
223
оқылды

Қазнетте аттестаттарын қоқыс жәшігіне тастаған түлектердің видеосы талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz . Видео Instagram-дағы ztb_kz парақшасында жарияланды. Жігіттердің әрекетіне Желі қолдаланушылары наразы болды. Себебі құжатта мемлекеттік рәміз - Қазақстан елтаңбасы бейнеленген. Кейін түлектер кешірім сұрап, видео түсірді. "Құрметті қазақстандықтар, ұстаздар, балалықпен жасаған қателігіміз үшін кешірім сұраймыз. Біз аттестаттың болашағымыз үшін маңызды екенін түсінеміз. Біз елтаңбамызды құрметтейміз. Біз істеген ісімізге өкінеміз", - деді олар.