Алакөлге пойызбен қалай жетуге болады?
Алакөлге пойызбен қалай жетуге болады?
фото: ашық дереккөз
338
оқылды
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы Алакөлге қалай пойызбен жетуге болатындығын жария етті. Компания мәліметіне қарағанда, белгіленген ережеге сәйкес, Қазақстанда жолаушылар пойыздарының жүрісі үш кезеңде басталады: Бірінші кезең – 1 маусымнан; Екінші кезең – 10 маусымнан. Алакөл көліне дейін келесідей бағыттарға теміржол билеттерінің сатылымы ашылды: 2 маусымнан бастап №6941/6942 «Ақтоғай-Достық» және №22/21 «Қызылорда - Семей» пойыздары құрамында «Алматы - Достық» вагондар жолға шығады. Пойыз күнара жиілікпен қатынайды және басқа вагонға ауысып міну қажеттілігі жоқ. Сонымен қатар, дәл осы күннен бастап №121/122 «Нұр-Сұлтан - Семей» және №6941/6942 «Ақтоғай – Достық» пойыздары құрамында «Нұр - Сұлтан-Достық» вагондары тіркеледі. Ал 12 маусымнан №54/53 «Нұр-Сұлтан – Достық» пойызы аптасына екі рет қатынай бастайды. Мұнан бөлек, аталған бағытқа сұраныстың жоғары екендігін және эпидемиологиялық жағдайды есепке ала отырып, Қазақстанда қосымша келесідей пойыздар жолға шығуы мүмкін: 1) №13/14 «Алматы – Достық», аптасына 3 рет; 2) №258/257 «Нұр-Сұлтан – Достық», аптасына 2 рет; 3) №453/454 «Алматы – Достық», аптасына 3 рет; 4) №457/6941//6942/458 «Семей - Шар – Достық», күнара; 5) №459/6941//6942/460 «Өскемен - Шар – Достық», күнара. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Алакөл көлі бағытында сұраныс артса қосымша вагондар ұсынуға дайын.