Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі көрші елдерге автобуспен жолаушы тасымалдау қашан жанданатынын мәлім етті.
«Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан және Моңғолиямен халықаралық бағыттарды жаңғырту туралы шешім бұл елдердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай қабылданады», делінген хабарламада.
Министрліктің мәліметінше, елімізде қаларалық автобустар 5 маусымнан бастап қатынайды.
Еске сала кетсек, 17 наурызда Қытай, Өзбекстан және Моңғолияға жолаушы тасымалдайтын автобустар тоқтады.