Қазақстанның 4 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
1 маусым күні Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метр, күндіз екпіні 23 метр болады.
Көкшетауда таң ата және күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 85-90 %.
Қостанай облысының бірқатар аумағында найзағай ойнап, жел тұрады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.
Қостанайда 1 маусым күні таң ата найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, екпіні секундына 15-20 метр болады. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 90-95%.
Қызылорда облысында таң ата 42 градус ыстық болады. Таң ата және күндіз солтүстік-шығыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 95-100%.
Павлодар облысында күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, солтүстік-батысқа қарай ойысады, кей жерлерде жылдамдығы секундына 18 метрге жетеді.
Ауа райы болжамының ықтималдылығы 90 %.