Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды 1 маусым-Балаларды қорғау мерекесімен құттықтады.
"Барша қазақстандықтарды Балаларды қорғаудың халықаралық күнімен құттықтаймын. Бұл – өскелең ұрпақтың амандығына, денсаулығы мен қауіпсіздігіне аға буын жауапты екенін еске салатын мереке. Еліміздегі әр бала мейірімге бөленіп, балалық шағын бақытты әрі қызықты өткізуге қақылы", - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.