Шымкентте сапасыз жанар май дайындайтындар ұсталды
Шымкентте сапасыз жанар май дайындайтындар ұсталды
244
оқылды

Шымкент қаласы мен Түркістан облысыаумағында сапасыз жанар-жағар майлар сатылыпкелген.

Бұл дерек Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті тарапынанжүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде анықталды. Заңсыз саудаланған 68 230литр дизельдік отын тәркіленіп, 12 213 170 теңгезалал келтірілген.

Департамент қызметкерлерінің анықтауынша,Шымкент қаласының бірнеше тұрғыныжабдықталған жасырын цех ішінде жағар майдыарзан пеш жағар майымен араластырып, осылайшаүлкен көлемде сапасыз жанар-жағар май дайындапотырған. Одан әрі қарай бұл тауарды Шымкентқаласы, Түркістан облысындағы автожанармай құюбекеттеріне жеткізген. Осылайша заңсыз әрекеткебарғандар баға айырмашылығымен бірнеше есепайда көреді.

Бүгінгі таңда аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің197 бабы 4 бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексерушаралары жүруде.

Айта кетейік, 2020 жылдың 10 сәуіріндеМемлекет басшысы жанар-жағар майлардыңсапасыздығына азаматтардан шағым түсетінін, мұның тек экономикаға емес, сонымен қатармемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне залалкелтіретіндігін атап көрсеткен болатын.

Н. НАЗАРБЕК.