Димаш полицияның зұлымдығына қарсы шыққан халықты қолдады
Димаш полицияның зұлымдығына қарсы шыққан халықты қолдады
Фото: Интернеттен алынды
319
оқылды
Нью-Йорктегі қазақ полицей Димаш Ниязов АҚШ-та болып жатқан тәртіпсіздікке қатысты пікір білдірді.   [caption id="attachment_48269" align="alignnone" width="800"] width= Фото: Интернеттен алынды[/caption] «Наразылық шарасына қатысып жатқан бейбіт тұрғындар мен қаскөй бүлікшілер арасында үлкен айырмашылық бар. Мен полицияның зұлымдығына қарсы шығып жатқандарды қолдаймын, себебі мен де олардың мұндай әрекетіне қарсымын. Өзінің өкілеттігін пайдалана отырып, халықты өлтіріп жатқан полицейлерді ақтамаймын. Олар ондай форма мен белгі тағып жүруге лайық емес. Бұл естен адасу, мұны тоқтату керек. Бізге өзгеріс керек. Бізге бейбітшілік пен бірлік керек»,  – деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.