Қарағанды облысындағы Шашубай кентінде көп қабатты үйдің балконы опырылып түсті, - деп хабарлады ktk.kz.
Соның салдарынан балконға тыныстауға шыққан екі адам бірге құлап, ауыр жарақат алған. Ақтоғай ауданында қарасты кенттегі үйде 24 пәтер бар. Тозығы жеткен баспананың балконы екі адамды көтере алмапты.
Опырылған балконмен бірге құлағандар қазір жан сақтау бөлімінде жатыр. 36 жастағы әйелдің қолы сынып, беті мен іш құрылысы жарақаттанған. Ал 46 жастағы ер адамның көкірек тұсы жаншылып, бауыры езіліп кетіпті. Қазір апаттың себебі анықталып жатыр.
https://www.youtube.com/watch?v=sqdwtcCND3E&feature=emb_logo