Әзірге той өткізуге рұқсат жоқ - Есмағамбетова
Әзірге той өткізуге рұқсат жоқ - Есмағамбетова
© pixabay.com
202
оқылды
Қазақстанда әзірге көп адам жиналатын отбасылық шаралар өткізуге болмайды, -деп хабарлады елдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова.
- Өкінішке қарай, жағдай солай. Қазір отбасылық мерекелер, көп адамның жиналуымен байланысты кез-келген шараларға тыйым салынған, - деді Айжан Есмағамбетова онлайн-брифинг кезінде.
Оның сөзінше, әзірге отыратын орындар саны 50-ден аспайтын кафе мен ресторандар жұмысына ғана рұқсат, бірақ бұл да ұжымдық шаралар өткізуге рұқсат дегенді білдірмейді.
- Қазіргі эпидемиялық жағдай ондай кез-келген шараға рұқсат беруімізге мүмкіндік бермейді. Спорттық, мәдени-бұқаралық, отбасылық немесе рәсімдік шаралар болсын, бір жерде көп адамның ұзақ болуына тыйым бар. Біздің жеңілдету шараларымыз эпидемиялық жағдайға байланысты әр өңірде жеке енгізіледі. Бәрі өз қолымызда, - деп қосты бас санитарлық дәрігер.