Елбасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады
Елбасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады
215
оқылды
Қауіпсіздік кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Президент көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешевті қабылдады, деп хабарлайды elbasy.kz. Кездесу барысында Елбасы Қауіпсіздік кеңесінің жаңа жағдайда атқарып жатқан жұмысының маңыздылығына тоқталды. Қауіпсіздік кеңесінің ұлттық қауіпсіздікті, қорғаныс қабілетін, заңдылық пен құқықтық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарғаны атап өтілді. Өз кезегінде Ә.Исекешев коронавирус эпидемиясына қарсы және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен байланысты дағдарысқа қарсы іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі Қауіпсіздік кеңесінің шешімдерінің орындалу барысы туралы баяндады. Сонымен бірге Қазақстанның Тұңғыш Президентіне еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің ахуалы, әскери, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметі бойынша мәселелер, сондай-ақ қорғаныс өнеркәсібі кешенінің даму перспективалары жөнінде егжей-тегжейлі ақпарат берілді.