Бітпеген көпірдің лентасын қиған
Бітпеген көпірдің лентасын қиған
453
оқылды
Жыл сайын көктемде Сыр суы сілкінеді.Көктемгі және  күзгі мінездері бір мезет  жағасындағы елдің зәре-құтын қашырып қоятын. «Қазалы–Көларық–Бекарыстан би–Жаңақұрылыс»  автомобиль жолының  Әлсейіт учаскесінде  Сырдария өзені арқылы өтетін көпір құрылысы өткен жылы  басталған еді. Жобаның жалпы құны – 2 684,1 млн теңге. Мердігер мекеме «КС Строй ЛТД» ЖШС  жұмысын жүргізуде.Техникалық  қадағалаушы – «СК Энерго-ОIL»  ЖШС. 2019 жылы көпірдің негіз­гі конструкциялары мен кір­­­ме жолдары аяқталып, кө­­­лік қатынасы ашылды. Де­­ген­­мен жоба 98 пайызға аяқ­тал­­­­ған. 2020 жылы құрылыс жұ­­мыс­тарын толық аяқтауға об­­лыстық бюджеттен 147,862 млн теңге қаралып отыр. Ал бұл қаржыға ұзындығы 168 метр болатын өзен арнасын ба­ғыттауға арналған бөгет құ­ры­лысы – кірме жолдардың (откос) су басу аймақтарын бе­тондау, сондай-ақ, көпірге де­фор­­мациялық жік (шов) конс­­трукциясын салу және асфальт­тау жұмыстарын жүргізу қажет. Ал жобаны қазан айына беру жоспарланған болатын. Десек те, Әлсейіт көпірінің бітпеген сұлбасын экс-әкім Қ.Ысқақов пен Қазалы ауда­ны әкімі Мұрат Ергешбаев «біт­пе­ген» көпірдің алаулатып-жалаулатып лентасын қиып жіберді. «Әлсейіт көпірі бітті, пайдалануға берілді» деп жа­рия­ға жар салды. Әлсейіт кө­пі­рі мен Қарлан көпірі ата-баба аңсаған көпір еді. Алайда бұл жоба аудан әкімі Мұрат Ергешбаевтың саяси ойынына айналып кеткендей. Жарық беретін прожектер салбырап, тас қараңғы жолы ойдым-ойдым бір қабат ғана жүргізілген. «Қыстың көзі қырауда» жол салуға болмаған соң бір қабат жолды топырақ шашты қылып, жолды салған болды. Ал неше жылдан бері 10 мыңдай халқы бар елді мекен қорқынышпен өмір сүруде. Сырдария үстіндегі Қарлан фантонының орнына көпір құрылысы салынады екен деген алдамшы үміттің же­те­гінде өмір сүруде. Қарлан көпірі Сырдария сеңі сірессе де қорқыныш, суы тасып ала­сұр­са да қорқыныш. Қарлан фантонында қаншама апатты жағдай болғанын тұрғылықты халық қорқынышпен айтады. Қарланда 3-4 жыл бұрын «МАЗ» көлігі қайықпен бірге батып кетіп, 4-5 айдай жол болмай қалды. 2019 жылы көктемде сел жүріп жатқан кезде қайық екінші рет батып кетті. Аудан басшылығы қалқымалы көпірді жамап-жасқап қайтадан жаңар­тып қойды. Бүгінде 7-8 бағытта қоғамдық автобуспен қатар күніге ондаған жүк және қан­ша­ма жеңіл көлік арлы-берлі осы көпірден өтеді. Қыста мұз қатса, көпірді алып тастайды. Ал көктем басталса, көпірді сала алмай әуре-сарсаңға қайтадан түседі. Қарлан көпіріне өткен-кеткен көліктер 100-150 теңге төлеп өтеді. Бұл ақша кімнің қалтасына түседі? Ал жаз болса, көпірді бір орыннан екінші орынға ауыстырады. Халық азық-түлік әкеле алмай қатты қиналуда. «Көпір салынса» деген үміт арманға айналып тұр. Ықпалды азаматтар ел ар­ма­­нындағыдай көпірді салса, са­уап­ты іс болар еді-ау.    width=       Миуа БАЙНАЗАР, Қызылорда облысы