Димаш Құдайберген полицейдің өліміне қатысты пікір білдірді
Димаш Құдайберген полицейдің өліміне қатысты пікір білдірді
Фото: Интернеттен алынды
263
оқылды
Димаш Құдайберген афроамерикалық Джордж Флойдтың өліміне қатысты пікір білдірді.
Ол Instagram-дағы парақшасында: «Жаман ұлт болмайды, тек жаман адамдар болады. Олар кез келген жерде болды. Менің афроамерикалық достарым бар, олармен жақсы қарым-қатынастамыз, олар өте талантты. Әлемде расизмсіз елестетіп көріңізші! Барлық адам тең. Ерте ме, кеш пе барлығымыз Құдайдың алдына барамыз. Бүкіл әлемде бейбітшілік болсын, мұнда біз тек қонақпыз. Расизмге жол жоқ», ­– деп жазды.
Еске салайық, Флойдты полицейлер 25 мамырда ұстаған болатын. Оның өлімінен кейін елде жаппай наразылық шаралары басталды. Жаппай тәртіпсіздік әлі күнге дейін жалғасып жатыр.