Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев –қазіргі Қазақстанның негізін қалаушы, ауқымы кең тарихи тұлға. Бұл туралы Мемлекет басшысы «Комсомольская правда» басылымына берген сұхбатында айтты.
"Жақында (6 шілде күні) біз Елбасының 80 жасқа толған мерейтойын атап өтеміз. Әрине, оның еліміз бен халықаралық қауымдастық алдындағы еңбегі жөнінде айтамыз. Біз үшін оның тарихи және саяси мұрасын сақтап қалу маңызды. Бұл Қазақстанның мемлекеттілігін нығайту үшін аса қажет. Сондықтан, менің сайлауалды бағдарламамның алғашқы пункті сабақтастық деп аталды",- деді Тоқаев.
Оның айтуынша, қазіргі күрделі жағдайда Н.Назарбаев оның дағдарыстан жедел шығу, жаңа экономика құрып, азаматтарға материалдық көмек беру жөніндегі бағытына нақты қолдау көрсетті. Ешқандай қос билік жоқ. Бұл туралы Нұрсұлтан Әбішұлының өзі де бірнеше рет айтты және қоғамды қазіргі Президенттің айналасына бірігуге шақырды.