Алматыда карантин күшейтілуі мүмкін. Бұл туралы қаланың Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифингте айтты.
"Біз осыған дейін ашылған нысандардың қызметін тоқтату мәселесін қарастырамыз. Жүйелі түрде ескерту алып, карантин талаптарын бұзған нысандарды зерттейміз. Олардың қызметін қайта тоқтатамыз. Науқастар әлі де тіркеліп жатыр. Карантин талаптары бұзылатын болса, әрине, қаладағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақтанбайды. Сондықтан алдағы уақытта карантин шараларын күшейту мәселесін талқылап жатырмыз", - деді Бекшин.
Еске салайық, бүгінде Алматыда фитнес-орталықтар, СПА, қоғамдық моншалар, сауналар және азық-түліктік емес базарлар қызметін қайта бастады.