Шымкентте төбелестен көз жұмған 17 жастағы жігіттің туыстары Тоқаевтан көмек сұрады
Шымкентте төбелестен көз жұмған 17 жастағы жігіттің туыстары Тоқаевтан көмек сұрады
© сурет интернеттен алынды
235
оқылды
Шымкентте төбелестен ес жимай кеткен 17 жастағы жігіттің туыстары Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрады, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.
Марқұмның туыстары тергеу әділ жүргізілмей жатыр дейді. Олардың айтуынша, тіпті қылмыстық іс басқа бап бойынша тергеліп жатыр дейді.
"Мүмкін ертерек әрекет қылған кезде балам аман қалатын ба еді?.. өтінем сіздерден, барлығы жазасыз қалмасын. Жазасын алсын", - дейді марқұмның анасы Гүлбаршын Қадырқызы.
Сондай-ақ, телеарнаның мәліметінше, марқұмның жақындарының құқық қорғау органдарының жұмысына да көңілді толмайды. Марқұмның ағасы Алмас Өткіровтің айтуынша, бұл іс жазатайым оқиға бабы бойынша бойынша қозғалып жатыр.
"XXI ғасырда жауыздықпен өлтіру және топ болып өлтіру бабы бойынша қатаң түрде жазалауды сұраймыз. Қасым-Жомарт Тоқаев мырза! Өзіңіз жеке қадағалауыңызға алып, сол жерде төбелеске қатысқан бүкіл кінәлілердің бәрі жазалануын қалаймыз", - деді Өткіров.
Ал досының айтынша, марқұм өзімен өзі жүрген жігіт болатын. Ешкімде шаруасы болмайтын дейді. Еске салайық, мұның алдында Шымкентте төбелестен 17 жастағы студенттің қайтыс болғаны хабарланған еді. Қайтыс болған жігіттің туыстары оны белгісіз біреулердің 22 мамырда аяусыз ұрып-соққанын айтқан еді. Студент достарымен кездесемін деп кеткен, содан көшеде бір топ жігітті кездестіріп, салдарынан төбелес шыққан.