Тараз қаласы тұрғынының үйінен екі қап кептірілген марихуана табылды. Жамбыл облыстық полиция департаментінің қызметкерлері тәркіленген есірткіні таразыға тартқанда 23 келіден асып жығылды.
Қазір күдікті ретінде 42 жастағы қала тұрғыны қамақта отыр. Ол қылмысын толықтай мойындаған. Аталған іс бойынша тергеу амалдары басталды.
Жалпы, шекара сызбасынан сырт жатқан елдер Жамбыл облысын білмесе де, Шу өлкесімен жақсы таныс. Бұл ретте Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев та қарасорамен күресті мықтап қолға алуда. Аймақ басшысымен арнайы жоба да әзірленіп, күні кеше Шу ауданында «Қарасора-2020» шарасы да өтті. Алайда бұдан есірткі бизнесімен айналысушылардың саны азаймауда.
Саятхан Сатылғанов,
Жамбыл облысы