Қазақстанның бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, 5 маусым күні түнде Ақмола облысының кей жерлерінде топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді деген болжам бар. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 80-90 %.
Алматы облысының солтүстік-шығысында түнде 6-7 маусымда топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүруі мүмкін.
Қарағанды облысының кей жерлерінде 5 маусым күні түнде топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүруі ықтимал. Болжамның ықтималдылығы 80-90 %. Сондай-ақ облыстың кей жерлерінде солтүстік-шығыстан соққан жел екпіні 15-20 м/с болады. Түнде кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал.
Қарағандыда солтүстік-шығыстан жел соғып, түнде екпіні 15 м/с болады. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 80-85 %.
Солтүстік-Қазақстан облысының кей жерлерінде 5 маусымда түнде топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді.
Петропавлда да топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүруі ықтимал. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 80-90%.
Қостанай облысының кей жерлерінде түнде топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі.