Қашықтан жұмыс істеу тапсырманы орындау сапасын төмендеткен жоқ - Мамин
Қашықтан жұмыс істеу тапсырманы орындау сапасын төмендеткен жоқ  - Мамин
© сурет интернеттен алынды
300
оқылды
Қашықтан жұмыс істеу тәжірибесі тапсырманы орындау сапасын төмендетпегенін көрсетті. Бұл туралы республикалық телеарналардан көрсетілген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин мәлім етті. «Коронавирус қатеріне байланысты «Самұрық-Қазына» қоры қызметкелерінің қашықтан жұмыс істеуі тәжірибесін қолдаймыз. Алдыңғы қатарлы бірқатар аналитикалық агенттіктердің болжамына сәйкес, аталған тренд осы пандемияның ұзақ мерзімді салдарының бірі болмақ», - деп тоқталды Үкімет басшысы. Сонымен қатар А. Мамин мемлекеттік органдар қызметшілерінің қашықтан жұмыс істеуі тәжірибесі туралы айтты. «Бұл тәжірибе Үкіметте де, өңірлерде де іске асырылуда. Бүгінде 23 мемлекеттік орган «бұлтты» құжат айналымға қосылған. Қызметкерлерге қашықтан жұмыс істеуге мүмкіндік жасалды. Меморгандардың 70 пайызға жуық қызметшісі қашықтан жұмыс істеу режиміне көшті. Қашықтан жұмыс тәжірибесі тапсырманы орындау сапасын төмендетпегенін көрсетті. Қаулыларды қабылдау мерзімі екі есеге азайды, 22-ден 13 жұмыс күніне дейін», - деді Асқар Мамин.