Жамбылда «жан» біткен жобалар
Жамбылда «жан» біткен жобалар
257
оқылды
Жамбыл облысы – қай кезде де өзінің өндірісімен таныл­ған өлке. Әсіресе, сонау кеңестік кезеңде  Әулиеатаның ауыл ша­­руа­­шылығы  азық-түлікпен  Орта Азия мен Мәскеуге дейін қамтамасыз еткені белгілі. Дегенмен  тәуелсіздік та­ңын­да да тетігін тапқан  тірлік бар. Сондай жоба­ның бірі –  «Жам­­­был облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арт­ты­ру»  атауымен айдарланып, қасиетті Әулиеата топыра­ғын­да бойына «жан» бітті.  Атап айтсақ, жобаға 10 аудан­нан 11 ауылдық округ таңдалынып алынса, бүгінде 5 бағыт бойынша 8 503 миллион теңге игерілген. Оның «Тараз» ӘКК» АҚ арқылы 7 200 миллион теңгесі 2,5 па­йыз­­­дық несиемен берілсе, «Та­раз»МҚҰ» ­ЖШС арқылы ауыл ша­­­руа­­шы­лы­ғы кооперативтерінің айна­лым қаржылары мен ауыл шаруа­шы­­лығы техникаларына 1 303 мил­­лион теңге несие қаражаты 5 пайыз­бен қаржыландырылды. Үкімет қолдауына ие болуға ниет­тілердің қатары көбеюде. Мә­селен, үй іргесіндегі жерді тиім­­ді пайдалану бағыты бойын­ша пилоттық ауылдардан 7 856 аула қатысуға ниет білдірсе, иге­­рі­летін жер көлемі 932,0 гек­тар­­ды құрап отыр. Бүгінгі күнге осы жердің 769 гектары жырты­лып, егіл­ген егіс көлемі 496 гек­тар­ға жет­ті. Бұдан бөлек, үй ірге­сі­не са­лынатын 16 жылыжай құры­лы­сы­на 138,1 миллион теңге беріліп, қа­зір құрылыс жұмыстары жүр­гі­з­ілуде. Сонымен қатар 125,9 мил­лион теңгеге қажетті тұқым, ты­ңайтқыш, химиялық қорғау зат­тарын сатып алу бағытында тиіс­ті жұмыстар атқарылуда. Екінші бағыт бойынша да есеп­­те емес, ел есінде қалып жат­қан тірлік көп. Мал шаруашы­лы­ғын дамыту мен мал сатып алу аясында 44 850 мал басына 2 454 өтінім мақұлданса, тұрғындар 6 905 миллион теңгемен қаржы­лан­­дырылып отыр. Оның бүгінгі күн­ге 2 102 өтінім иесі 5 531 мил­лион теңгеге 39 800 бас мал сатып алып, тіркеуден өткізді. Ал 6 395 бас ірі қара, 23 789 уақ мал, 5841 бас жылқы және 3 775 құс са­тып алу бойынша жұмыстар жал­ғасуда. Үшінші бағытқа келсек, тұр­ғын­дар ауыл сыртындағы жерін тиім­ді пайдалануға барын салуда. Бұл бағытта жалпы округтерде иге­­рілмей жатқан 10 325 гектар же­ріне егілетін дақылдардың са­­палы тұқым, тыңайтқыш, хи­мия­­лық қорғау заттарын және жа­нар-жа­ғар­май сатып алу үшін коопе­ра­тив­тер өтінімдеріне сәй­кес, 230,1 миллион теңгеге айна­лым қар­жыларымен қаржы­лан­ды­рыл­ған. Ауыл шаруашылығы коопе­ра­тивіне қажетті құрал-жабдық, қондырғы және техникалар сатып алу бағыты бойынша жаңадан құ­рылған 11 ауыл шаруашылығы ко­оперативін қажетті техника, құ­рал-жабдықтармен лизинг жүйесімен 1 038,4 миллион тең­ге кө­лемінде несиелендіру жүр­гі­зілді. Нәтижесінде, ауыл ша­руа­­­шылығы кооперативтеріне 192 дана ауыл шаруашылығы тех­ни­ка­сы жеткізіліп, ағымдағы жыл басында масақты дақылдарды оратын 10 комбайннан басқасы өтінімдерге сәйкес табысталды. Жамбылдық жобаның бесінші ба­ғыты ауылда кәсіпкерліктің көк­жиегін кеңейткені жасырын емес. Мәселен, жеке кәсібін ашу бо­йынша жалпы 12 жобаға 64,7 мил­лион теңге несие берілсе, өзге ба­ғыттар бойынша да баянды бас­та­малар бағдарын табуда. Енді жобаның екінші кезеңі бо­йынша әр ауданнан екі округтен таң­далып алынуда. Аталған елді ме­кендерге 11,5 миллиард теңге бө­лініп, 3 631 жоба жанданады деп күтілуде. Бір сөзбен айтқанда, 63 500 тұрғын мен 11 100 аула бұл қар­­­жының шарапатын көргелі отыр. Әрине, жоспарлы жұмыстың осын­дай жүйелі болғаны жан жа­ды­ратады. Одан бөлек, екі жыл­­дың есебі бойынша 3 631 тұр­ғын 45 600 және 162 000 теңге ара­лы­ғын­да ай сайын табыс табады деп көз­делуде. Ал бұл сома 2022 жылы екі есеге өспек. Сондай-ақ алғашқы екі кезең бойынша 3 631 адам жеке кәсіп­кер атанып, 20 округте ауыл ша­руа­шылығы өнімдері 2,2 есеге өседі деп күтілуде. Бұдан бөлек, сүт және ет бағытындағы өндіріс 20-30 пайызға артпақ. Міне, осылайша Жамбылда «жан» біткен пилоттық жоба­ның бағдары айқындалып, қа­да­­мы көз қуантуда. Одан бө­лек, биыл жер­гілік­ті билік «Егіс­­тік да­ласы­нан – дүкен сө­ре­сіне дейін» атты елімізде іске қо­сыл­ған пилоттық жо­баға да үн қосуда. Аталған бас­та­ма аймақта «Алқаптан сөреге дейін» деген атаумен айдар­ла­­нып отыр. Облыс әкімінің орын­­басары Берік Нығмашевтің ай­­туынша, жоба аясында ауыл ша­руашылығы тауарларын өнді­ру­шілерге «ҚазАгро» акцио­нер­лік қо­­ғамы арқылы 6 пайыздық мөл­шер­лемемен несие беріледі екен. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тап­сыр­ма­сына сәйкес ауыл ша­руа­­­шылығы саласын дамыту мақса­тын­да 5 түрлі іс-шара жүзеге асқалы отыр. Нақты айтқанда, енді қар­жы­лан­­дыру тетіктері ке­ңей­тіліп, «Ал­­қаптан сөреге дейін» атты қар­­жыландыру тетігі енгізі­ле­тін бо­лады. Экспортты және им­порт­ты алмастыру ісін жүргізу қолға алы­нып, егіс алқаптары ұлғайтылады және өнімділік пен жалпы жинау тетігінің аясы кеңейеді, – дейді Берік Болатұлы.  

Саятхан САТЫЛҒАН, Жамбыл облысы