Айдын  Ашуев Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды
Айдын  Ашуев Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды
155
оқылды
Мемлекет басшысының өкімімен Айдын  Ашуев Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Айдын Ашуев 1976 жылы Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Қаржы академиясын бітірген. Еңбек жолын 1995 жылы бастаған. Түрлі жылдары коммерциялық секторда, «Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ, «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМҚК, «ҚазАгро» ұлттық холдингі» АҚ, «ҚазАгроГарант» АҚ, ҚР Статистика агенттігінде жұмыс істеді, «Ақпараттық есептеу орталығы» РМК басқарды. 2019 жылдың қаңтарынан тамызына дейін ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алулар комитетінің төрағасы болып қызмет етті. 2019 жылдың тамызынан Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің төрағасы қызметін атқарған.