Бас бухгалтер сотталды
Бас бухгалтер сотталды
401
оқылды
Атырау облысы Жылыой ауданындағы №9 орта мектептің бас бухгалтері бюджет қаржысын жым­қыр­ғаны үшін алты жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Қаржы министрлігі Қаржылық мониторинг комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Оған 17 миллион теңгеден астам бюджет қаржысын жым­қырды деген айып тағылған. Бұл ақша білім беру мекемесінің қажеттілігіне бөлінген екен. «Жылыой аудандық соты мектептің бас бухгалтерін кінәлі деп үкім шығарды. Қылмыстық кодекстің 4-бөлігі 189-бабы 2-тармағына сәйкес (Бөтеннің мүлкін иемдену немесе жұмсау) айып тағылды. Ол алты жыл бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ осынша уақыт мем­ле­кеттік мекемелерде жауапты қызмет атқара алмайды», – делінген ҚМК хабарламасында. Сот тергеуі кезінде келтіріл­ген шығынның 4 миллион тең­гесі мемлекетке қайтарылды.