Тұрғындардың мәселесі жедел шешілді
Тұрғындардың мәселесі жедел шешілді
206
оқылды
«Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдау бөлме­сіне келіп, көмек сұраған аза­маттардың мәселесі көп өтпей шешімін тапты. Талап-тілегі орындалған тұрғын­дар­дың қуанышында шек жоқ. Осы орайда, біз қоғамдық қабылдау арқылы қуанышқа кенелген бірқатар тұрғындар жайлы сөз етпекпіз.  

Анаға қамқорлық жасады

Жуырда «Nur Otan» партия­сының Созақ аудандық филиа­лына көмек сұрап барған көп­балалы ана Баян Нұрмаған­бе­тованың мәселесі оңынан ше­шілді. Алты баланың анасы қабылдау барысында төтенше жағдай кезінде жұмыссыз қал­ғанын, соның салдарынан жал­дамалы пәтердің ақысын төлей алмай отырғанын айтты. Ол сондай-ақ әңгіме арасында 15 жыл отасқан отағасымен қазіргі кезде екі бөлек тұратынын, бұрынғы күйеуінің ақша табуға Ресейге кеткенін, балаларына алимент төлеуден жалтарғанын тілге тиек етті. Өз кезегінде партиялықтар демеуші қарастырып көпбалалы ананың басындағы баспана мә­селесін шешуге, үйлі болуға кө­мектесетінін жеткізді. Созақ аудандық мәслихатының депу­таты Берік Тұрғанбаев және ауылдық округтің әкімі Батырхан Аяпов 1983 жылғы ауыл мекте­бінің түлектері жиналысында көпба­лалы ананың мәселесін айтып, жәрдемдесуді сұрады. Жиынға қатысқандардың бар­лығы бір­ауыздан көмек қолдарын созып, аз уақыттың ішінде үй са­лып берді. Баспаналы болған алты ба­ланың анасы Баян Нұрмағам­бетова партиялықтар мен ауыл тұрғындарына ризашылығын білдірді.    width=  

 Арсенге жаңа арба сыйлады

Бұдан біраз уақыт бұрын Павлодар қаласының тұрғыны Арсен Сейпышев «Nur Otan» партиясы Павлодар қалалық филиалының ұйымдастырған қоғамдық қабылдауына қатысып, онда партиялықтардан мүгедектер арбасын сатып алуға көмек көрсетуді сұраған. Өтініш пар­тия­ның Павлодар қалалық филиа­лында қаралып, 2020 жылдың 28 мамырында өтініш иесіне мүге­дек­тер арбасы табысталды. Сонымен қатар Арсен Birgemiz қайырымдылық қорынан 50 мың теңге көлемінде қаржылай көмек алды.  

 Ойын алаңы салынады

 Көпбалалы ана, ІІІ топтағы мүгедек Жеңісгүл Ермұхамет «Nur Otan» партиясының астана­лық филиалының қоғамдық қа­был­дау бөлмесімен байланысқа шықты. Ол өзі тұратын ауданын­дағы көшелердің біріне балалар алаңын орнату жөнінде ұсыныс білдірді. Есіл ауданының әкімі, партияның аумақтық филиалы­ның төрағасы Б.Жакенов тұрғын­ның тамаша ұсынысына қолдау танытты. Қазіргі уақытта Сарыто­ғай көшесі мен Пригород­ный бау-бақша қоғамы арасында ойын алаңын салу жұмыстары жүр­гізілуде. Ойын алаңы­на әдемі аттрак­цион­дар, әткеншектер мен түрлі спорт­тық құрылғылар орнатылып жатыр. Өтінішін аяқсыз қалдырмай, мәселені шешуге атсалысқаны үшін партия мүшелеріне Жеңісгүл Ермұхамет алғысын айтты.    width=  

Болатбек баспаналы болды

«Nur Otan» партиясының Мағжан Жұмабаев аудандық филиалына ІІІ топтағы мүгедек Болтабек Абдрахманов үлкен өтінішпен хабарласты. Отбасымен бірге апатты жағдайдағы үйде тұратынын айтқан ол таяудағы су тасқынынан кейін баспана­ла­рының көп бөлігі жарамсыз болып қалғанын жеткізді. Басқа тұрғын үй сатып алуға жағдай­ла­рының болмай отырғанын, осы ретте партиялықтардан қандай да бір қолдау күтетінін жасырмады. Nur Otan партиясы Мағжан Жұмабаев аудандық филиалының төрағасы Қайрат Омаров көмекке зәру тұрғынға жәрдемдесу жө­нінде партия филиалының қызмет­керлеріне арнайы тап­сырма беріп, Болатбекті Булаево қалалық әкімшілігінің тұрғын үй қоры арқылы пәтермен қамта­масыз ету туралы шешім қабыл­дады. Баспанаға қол жеткізген Абдрахмановтар отбасы мәселені жедел шешкені үшін партия­лықтарға алғысын жаудырды.  

Әбілмансұр ЖАСАН