Праймериз - жаңа лидерлерді анықтаудың таптырмас құралы
Праймериз - жаңа лидерлерді анықтаудың таптырмас құралы
фото: ашық дереккөз
216
оқылды
Жасыратыны жоқ, әзірге қарапайым халыққа праймериз беймәлім сөз. Дегенмен бұл сөзді ағылшын тілінен қазақшаға аударғандағы баламасы алдын - ала іріктеу, сайлау дегенді білдіреді. Тарихқа жүгінсек, праймериз XIX ғасырдың ортасында Еуропа, Азияның кейбір елдері және Латын Америкада кеңінен қолданылған екен. Бүгінде Германия, Ұлыбританияның саяси күштері, АҚШ пен Канаданың либералды партиялары Түркия секілді елдер бұл үрдісті сайлау қарсаңында жиі қолданады және оны Ата заң аясында реттеген. Олар, негізгі сайлауды ішкі іріктеуден соң өткізеді. Бұл ел ішінде беделі басым, халыққа сөзі өтімді, партияның жұмысын іштей білетін білікті мамандарды анықтау үшін таптырмас құрал екендігін сол елдер тәжірибесінен байқауымызға болады. Өркениетті елдердің тәжірибесін тыңғылықты зерделеген «Nur Otan» партиясы, партия ішілік іріктеу өткізудің ережелерін бекітіп, сайлауға түсетін кандидатты өз арасында таңдау үшін осы әдісті қолданбақ. Яғни, праймериздің негізгі мақсаты – алдағы Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауларына партиялық тізімдерді қалыптастыру үшін бәсекелестік негізде жаңа көшбасшыларды айқындау. Қазір праймериз қоғамда қызу талқыға түсіп жатыр. Кеше облыстық партия филиалына қарасты 239 бастауыш партия ұйымдары төрағаларымен ZOOM бағдарламасы арқылы онлайн жиын өткізіп, ережеде көрсетілген мәселелер жан-жақты талқыланды. Мәселен, праймериз әдісінің тиімді тұстарына тоқталар болсақ, ең біріншіден бұл алыс ауылдардағы партияның қарапайым мүшелеріне өз ойын айшық айтып, өзін-жан жақты көрсетуге үлкен мүмкіндік. Екіншіден, сол азаматтардың сайлау алды бағдарламалары арқылы ауылдық елді мекендердегі проблеммалық мәселелерді анықтауға, олардың шешілу жолдарын нақтылауға көмектеседі. Үшіншіден әрине бұл, партияның ресурстары арқылы азаматтарға жасалып отырған саяси және әлеуметтік лифт. Өздеріңіз білесіздер, өткен жылы біздің өңірімізде партиялық резервке үміткерлер арасында бұл әдіс алғаш рет Сырдария ауданында пилоттық режимде өткізілді. Бұл іріктеу жұмыстары бізге нақты ұсыныстары бар талантты азаматтар мен өңірдің өзекті мәселелерімен таныс жаңа қоғамдық пікір иелерін бәсекелестік негізде анықтауға мүмкіндік берді. Сонымен бірге партия мүшелері арасында қызығушылықпен қатар бәсекелестік туғызды. Елбасы еліміздің сайланбалы органдарында әйел азаматтардың үлесін 30%-ға жеткізуді тапсырғанын білесіздер. Бұл партияішілік іріктеу – праймеризде ескеріліп отыр. Яғни, партиялық тізімдердің сапалық құрамында әйел азаматтардың үлесі кем дегенде 30 пайыз. Сол секілді 35 жасқа дейінгі жастардың үлесі 20 пайыз болуы шарт. Көпбалалы аналардың, қандастардың (оралмандардың), ерекше қажеттіліктері бар азаматтар мен басқа да әлеуметтік топтардың өкілдері сайлаушылардың өңірлік құрылымына сәйкес енгізілмек. Міне, партия қатарына қосылып, еліміздің дамуына үлесімді қосамын, - деген сырбойылық азаматтар үшін жаңа мүмкіндік. Кеше Партия Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 17 тамыздан 3 қазанға дейінгі аралықта партияішілік таңдау – праймериз өткізу туралы Қаулыға қол қойды. Праймериз 5 кезең бойынша жүргізілмек. 1) кандидаттарды ұсыну және тіркеу; 2) кандидаттарды үгітке даярлау; 3) үгіт жұмысы; 4) дауыс беруді өткізу; 5) тізімдерді дайындау. Олай болса, осы мүмкіндікті пайдалана отырып, барша жерлестерді праймеризге белсенді қатысуға шақырамын! Праймериз ережелері бойынша сауалдарыңыз болса, 8(7242) 26-46-28 байланыс телефонына хабарласуға немесе партияның ресми сайтынан білуге болатындығын назарларына саламын. Ақмарал Әлназарова, Nur Otan партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары