Нұр-Сұлтан қаласында 8 автобустың бағыты өзгерді.
Елорда әкімдігінің хабралауынша, бұл - жөндеу және дезинфекция жұмыстарына байланысты.
«City Transportation Systems» ЖШС №19, 40, 29, 14, 32, 3, 4, 4А бағыттары қозғалыс кестесін уақытша өзгертетінін хабарлады», - деді қала әкімдігінен.
ҚР Қарулы Күштерінің әскерилері Нұр-Сұлтан қаласында дезинфекция жұмыстарының екінші кезеңін бастағанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.
Осы күндері елордада жол жөндеу жұмыстары қарқынмен жүріп жатыр. Жалпы биыл ұзындығы 100 км болатын 150 көшені жөндеу жоспарланған.