Нұр-Сұлтанда апатты үйлер сүріле бастады
Нұр-Сұлтанда апатты үйлер сүріле бастады
фото: ашық дереккөз
222
оқылды
Нұр-Сұлтанда апат жағдайындағы үйлер сүріле бастады, - деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Әкімдіктегілердің мәліметінше, биыл 800-ден аса отбасы жаңа және қауіпсіз үйге көшіріледі.
"Жыл соңына дейін күрелетін үйлердің қатарында 1930 жылы салынған баспаналар бар. Бұдан бөлек 2020 жылы ТКШ жаңғырту бағдарламасы бойынша 50-ден аса көппәтерлі тұрғын үй кешені жөнделіп, 100-ден аса жеделсатыға жөндеу және ауыстыру жүргігізіледі. Жаңғырту бағдарламасы – ол қайтарылатын қаржы. Мемлекет күрделі жөндеуге қаржы бөледі, кейін ол 15 жыл мерзімге дейін тұрғындардың арасында бөлінеді. Өткен жылы "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 8 апатты үйдің тұрғындары көшіріліп, 90-нан аса отбасы жаңа пәтерге қоныстанды. Сонымен бірге үйлері мұнай базасына жақын орналасқан 39 разъездің тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді", - дейді елорда әкімдігі.