Қазақстан халықаралық рейтингте 25 орыннан көрінді – Руслан Дәленов
Қазақстан халықаралық рейтингте 25 орыннан көрінді – Руслан Дәленов
©Сурет интернеттен алынды
282
оқылды
'- Doing Business халықаралық рейтингі Қазақстандағы бизнес-ортаны жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға оң баға берді. Бүгінгі таңда Қазақстан рейтингте 25 орында тұр. Бұл орынды сақтау және оны жақсарту біз үшін өте маңызды. Біз мұны құр рейтинг үшін жасамаймыз. Жоғары позицияны сақтау кәсіпкерлікті дамытуда ел заңнамасын үнемі жетілдіру дегенді білдіреді, – деді халықпен есеп беру кездесуінде ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Даленов. Оның айтуынша, рейтингте Қазақстанның жоғарлауына түрткі индикаторлар – келісімшарттардың орындалуы, миноритарлық инвесторларды қорғау және кәсіпорындарды тіркеу.

– Сонымен бірге бізге әлі де халықаралық сауданың бағытын жақсартуға (105 орын), электрмен жабдықтау жүйесіне (67 орын) қосылу, төлем қабілеттілігі мәселесін шешу (42 орын) талап етіледі. Бұл бағытта бірқатар жұмыстар жүргізілуде, – деді ол.