Олардың мәлімдеуінше, биыл 25 мамырда жалға алынған гаражда тиісті құралмен жабдықталған есірткі зертханасы табылды. Онда қолдан өсірілген «голланд» және «мексика» сорттарының 28 элиталық қарасора түбі табылды. Оның нарықтық құны – шамамен 14 млн теңге. Сондай-ақ сатуға дайындалған дәрілік заттар да шыққан.
Қазір аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабының 3-бөлігі, яғни «Есірткі, психотроптық заттарды, олардың баламасын сату немесе өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау» жөнінен сотқа дейінгі бірыңғай тізілімге тіркелді.
Тәркіленген заттар бойынша сот-химиялық сараптама тағайындалп, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.