Блокпоста зардап шеккен үшінші полицей есін жиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Науқастың жағдайы тұрақталды. Есін жиды, сұрақтарға жауап бере алады. Қай жақта екенін, уақыт қанша екенін біледі. Бірақ басы әлі де ауырады, сондай-ақ, басы айналады. Палатада өз бетінше қимылдап, жүре алады», - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасындағылар.
Бұған дейін, 26 жастағы полицей Ербұлан Сейдазымның жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырлғаны туралы жазған болатынбыз. Полицей ауруханаға ауыр халде жеткізілген болатын. Дәрігерлер тексеру барысында қосарласқан жарақат, бастан жарақат, миы соққы алғанын анықтап, шұғыл түрде ота жасады.
Еске салайық, 25 мамыр таңғы сағат 05:26-да BMW маркалы көліктің 1992 жылғы жүргізушісі мас күйінде блокпостағы полиция көлігіне соғылды. Салдарынан екі полиция қызметкері көз жұмды.