Алматыдағы Барахолка жабылады деген сөз шықты
Алматыдағы Барахолка жабылады деген сөз шықты
© сурет интернеттен алынды
424
оқылды
Алматы әкімдігі Барахолка жабылады деген ақпаратты жоққа шығарды. «Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Біз оны растамаймыз», - деді Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестиция басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында. Алайда, ол санитарлық талаптарды сақтамай, өрескел бұзушылықтар анықталған жағдайда үлкен, орта және шағын бизнес нысандарының жабылуы мүмкін екенін айтты. Естеріңізге сала кетейік, Алматыдағы азық-түлік емес базарлар 1 маусымда жұмысын қайта бастады.