Екі палубалы катамаран Ақтауда тоғыз ай бойы құрылды. Оған жергілікті яхт-клуб мүшелері жұмыс істеді. Кемеге экипажды қоса есептегенде 50-ге жуық адам сияды. Катамаранның жылдамдығы сағатына 30 шақырымға дейін жетеді. Онда 25 аттың күші бар екі шусыз және үнемді қозғалтқыш орнатылған. [caption id="attachment_49624" align="alignnone" width="1200"] ©Ротмистров[/caption] – Маңғыстау облысында туризмді дамытудың «Жол картасы» жасақталғанда, біз екі палубалы, моторлы серуен катамаранды құрастыра аламыз деп мәлімдедік. «Даму» бағдарламасымен несие алдық. Шыны пластик қайықтар мен шағын моторлы қайықтар шығарамыз. Барлығы шыны пластиктерден. Бұл заманауи материал. Аса төзімді, сапалы, – деп түсіндірді жергілікті кәсіпкер Андрей Чулаков. Қазіргі таңда Каспий теңізінің Ақтау жағажайында осындай екі кеме жүзуде. Жақын арада үшінші су көлігін Атырауға жібереді. Төртінші катамаранның жасалуына тапсырыс алынды. Келесі жылы кеме Нұр-Сұлтан қаласына аттанады.Катамарандардың бірінің капитаны Дарья Старостина: «Менің әкем-теңізші. Ол осында өсті. Мен де капитан болуға ұмтылдым. Капитан жұмысында ең қиыны – қате жібермеу, барлығын уақытында үлгеру. Теңізші жігіттер таңдалғанына қарамастан, кемені жүргізу маған бұйырды» – дейді ол.
Жазира Қуанышбекқызы