Сарбаз асының құны қанша?
Сарбаз асының құны қанша?
344
оқылды
«Тамақтану аутсорсингке тиесілі. Біз мұнымен айна­лы­сатын кәсіби компаниялардың қызметін сатып аламыз. Осы арқылы сарбаз өзіне тән емес функциялардан босатылды. Олар бұрынғыдай асханаға на­рядқа бармайды, ыдыс-аяқ жу­майды, көкөністерді ірікте­мейді. Күзде көкөніс пен жеміс жина­майды. Қазір бұл іспен же­ке ком­паниялар айналысады. Сон­дай-ақ олардың шаруа­шы­лық орындары, қосалқы ша­руалары мен дайындау қызметі бар», – деді Бақыт Жанұзақұлы жур­налистермен өткен кездесуде. Құрманбаевтың айтуынша, мұндай компанияларға қатаң талап қойылады. Олардың технологиялық мүмкіндігі мен кардрлық әлеуеті жоғары. «Бүгінде біз Қарулы Күш­тердегі азық-түлік қоржынының құнын арттыру мәселесін қарас­тырып жатырмыз. Себебі  азық-түлік қымбаттады. Жылына сар­баздарды тамақтандыруға 10 миллиард теңгеден астам қа­ра­жат жұмсаймыз», – деп түсін­дірді ол. Қорғаныс министрінің орын­басары қаржы жайын да, керек нәрсені де ашып айтты.  

Айбике ЖАНАСЫЛ