COVID-19: вирустың екінші толқыны болу қаупі бар
COVID-19: вирустың екінші толқыны болу қаупі бар
173
оқылды
Медицина қызметкер­ле­рі мен нау­қастардың қа­уіп­сіздігін қамтамасыз ету мақса­тында тиісті жұмыс­тар да жүргізілуде. Қамалжан Надыров күзде коронавирустың екінші толқыны болуы мүмкін дейді. Ол «Күз мез­гіліне де дайындалып жатыр­мыз. Егер аурудың екінші тол­қыны бо­­лып қалса» деген пікірін жеткізді. Сондай-ақ Мемлекет бас­шы­сының медицина қызметкер­ле­рі­нің қауіпсіздігін қамтамасыз ету тапсырмасы да орындалып жатыр. Қамалжан Надыров: «Алдағы уақытта қаладағы барлық стан­ционарда бас дәрігердің ин­фек­циялық жағдайға жауап беретін орынбасар қызметі пай­да бо­ла­ды. Бұл эпидемио­лог­тар­дың мәрте­бесін көтеруге, білікті ма­мандарды тартуға мүмкін­дік береді», – деді. Алматыда 2 882 адам ко­ро­на­вирус жұқтырған. 1 897 науқас дер­тінен айықты, 10 адам қайтыс болды.  

Ж.НҰРЛАН