Досаев Президенттің дағдарысқа қарсы бастамалары қалай іске асырылып жатқанын айтты
Досаев Президенттің дағдарысқа қарсы бастамалары қалай іске асырылып жатқанын айтты
© сурет интернеттен алынды
315
оқылды
Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев экономиканы қолдау шеңберінде Президенттің дағдарысқа қарсы бастамалары қалай іске асырылып жатқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Төтенше жағдайдың енгізілуінен зардап шеккен ШОБ субъектілерін жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы бойынша 4 маусымға дейін кәсіпкерлер 494,4 млрд теңге сомасына 2 041 өтінім берді. Оларға 197,6 млрд теңгеге 1 467 қарыз берілді. Сонымен қатар «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 5 маусымдағы жағдай бойынша банктер жалпы сомасы 305,1 млрд теңгеге 526 өтінім қабылданды. 210,4 млрд теңге сомасына 422 қарыз берілді», - деді Ерболат Досаев Үкімет отырысында. Ұлттық банк төрағасы сонымен қатар «7-20-25» бағдарламасы бойынша 216,5 млрд теңгеге 18 769 өтінім мақұлданғанын, оның ішінде 183,9 млрд теңгеге 15 556 қарыз берілгенін жеткізді. «Баспана Хит» нарықтық ипотекалық бағдарламасы бойынша 4 маусымда 244,4 млрд теңге сомаға 29 324 өтініш мақұлданды. 198 млрд теңгеге 24 277 ипотека несиесі берілді», - деп түйді Ерболат Досаев.