«Қазір ЖЭО-да жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Таяу уақытта энергия мен сумен қамтамасыз ету қалпына келеді», - деген қала әкімдігі тұрғындардың жағдайға түсіністікпен қарауын өтініп.
Кейін қала әкімдігінің баспасөз хатшысы Марина Шаповалованың айтуынша, судың қысымы қалыпқа келтірілді. Қазір кейбір пәтерлерде су қосылған. «Аз уақытта қалғаны да шешіледі» дейді ол.