Жарылыс бүгін, 9 маусым күні болған. Бұл ақпаратты Oinet.kz хабарлады.
Қала тұрғындарының айтуынша, бомбаның жарылған дауысы үздіксіз естіліп, адамдарда зәре қалмаған.
Бұған дейін Арыс қалалық әкімдігі тұрғындарға 9 маусымда әскери горнизон аумағында жоспарлы залалсыздандыру жұмыстары жүргізілетінін, оны Қорғаныс министрлігінің мамандары бақылайтынын, үрейленуге еш негіз жоқтығын мәлімдеген еді. Сондай-ақ жарылыс жайлы жалған ақпарат таратушылар заңға сәйкес жауапқа тартылатынын хабарлаған болатын.
Былтыр 24 маусымда Арыс қаласындағы әскери оқ-дәрі қоймасында өрт болып, снарядттар жарылды. Елу мыңнан астам тұрғын қаланы тастап қашты. Оқиғадан 4 адам көз жұмды. Көптеген ғимараттар бүлінді. Сол кезден бастап Қорғаныс министрлігі қоймада жарылмай қалған оқ-дәрілерді залалсыздандыруға көшті.