Күдікті 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Күдікті 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
335
оқылды
Екі бірдей полиция қызметкерінің өліміне себеп болған оқиғаның ақ-қарасы анықталуда. Алматы қаласы Полиция департаменті осы жол апатына айыпты бұрынғы полиция қызметкері Азат Азаматов туралы жаңа мәлімет таратты. полиция

«Азат Азаматов ішкі істер органдарында 2014 жылдың 30 сәуірінен 2020 жылдың 21 мамырына дейін Патрульдік полиция инспекторы болып жұмыс істеген. Жол апатынан 4 күн бұрын ол өз еркімен қызметінен кеткен. Жауапкершілігінің төмен болуына байланысты қызмет еткен жылдары 4 рет тәртіптік жазаға тартылып, бірде-бір рет ынталандыру сыйақысын алмаған. Сот-наркологиялық сараптама нәтижесі бойынша ол жол апаты кезінде орташа дәрежелі мас болған. 25 мамырдағы жол апатынан соң, жеке құраммен профилактикалық жұмыс ақсап тұрғандығы туралы қорытынды шығарылды. Одан бөлек, БАҚ-қа жаңсақ ақпарат берілгеніне байланысты сын айтылды», – деді Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Қазір бұл дерек бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалған. Күдікті ҚР ҚК-нің 345-бабы 1-бөлігіне сәйкес 7-ден 10 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін