Елордада Шалдыбековтың «Шырқа, даусым» концерті өтеді
Елордада Шалдыбековтың «Шырқа, даусым» концерті өтеді
180
оқылды

Ерболат Шалдыбековтың «Шырқа, даусым» концерті қазақтың әйгілі композиторы К.Әзірбаевтың 135 жылдығына орай өтпек. Концерттің бағдарламасына көпшілік сүйіп тыңдайтын халық әндері, сондай-ақ К.Әзірбаев, Ж.Жабаев, С.Аронұлы, С.Мошанұлы, Т.Момбеков сынды белгілі ақын-композиторлардың туындылары енді. ​ ​

Концертте Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері Жанғали Жүзбай, Ардақ Балажанова, «Астана сазы» фольклорлық ансамблі мен Е.Шалдыбековтың шәкірттері өнер көрсетеді. ​ ​

Ерекше концерттік бағдарлама, рухани мәні терең әуендер мен орындаушылардың жоғары шеберлігі тоғысқан Ерболат Шалдыбековтың концерті елордалық көрермендерге тамаша тарту болары анық.

Концерт 29 маусым күні, сағат 19.00-де өтеді.