«Гарант 24 Ломбард» салымшылары 8 миллиард теңгеден айырылған
«Гарант 24 Ломбард» салымшылары 8 миллиард теңгеден айырылған
© сурет интернеттен алынды
248
оқылды
«Гарант 24 Ломбард», «Выгодный займ», «Estate ломбард» қаржы пирамидаларының 39 мың салымшысы 8 млрд теңгеден айырылды. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев хабарлады.
«ІІМ өңірлік филиалдардың 25 басшысына қатысты қылмыстық істі тергеу мақсатында жедел-тергеу тобын құрды. Үш басшы елден қашып, жасырынып жүрген еді. Олар ұсталып, Қазақстанға жеткізілді. Бұл істің барлығы бақылауда», - деді министр.