Күйеу баласы мен қызын өлтіріп, кейін өзіне қол салған әке: жаңа деректер мен журналистерге шабуыл
Күйеу баласы мен қызын өлтіріп, кейін өзіне қол салған әке: жаңа деректер мен журналистерге шабуыл
© сурет интернеттен алынды
317
оқылды
Қанды оқиға кеше кешқұрым Түркісіб ауданында болды. Рысқұлов пен Сейфуллин даңғылдарының қиылысындағы үйде 69 жастағы азамат өз қызы мен күйеу баласына оқ атқан. Көп ұзамай аңшы қаруымен өз-өзін атып өлтірген. Алматы қалалық Полиция департаментінің дерегінше, оқиғаға күдіктінің әйелі куә болған. Ол тәртіп сақшылары мен жедел жәрдемге хабар берген.

Полицияның мәліметінше, ет жақындарын атып өлтірген - 1951 жылы туған азамат. Ал, қайын атасының қолынан қаза тапқан күйеу бала - 33 жаста, қызы - 23 жаста. Аңшы қаруы үй иесінің өз атына тіркелген. Көршілерінің айтуына қарағанда, отбасы бұл үйде көп жылдан бері тұрады. Үйінің аумағынан ритуалдық қызмет үшін тас қашайтын цех ашып, кәсіп етіп келген.

Қанды қырғын жасаған азамат бұрын-соңды қандай да бір қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған. Полиция Қылмыстық кодекстің «адам өлтіру» және «өз-өзіне қол салуға итермелеу» дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Марқұмдардың денелері мәйітханада. Ал туыстарынан тергеуге байланысты жауап алынып жатыр. Оқиға орнына мән-жайды білуге келген журналистерге марқұмдардың туыстары күш қолданып, техникаларын сындырды. https://www.youtube.com/watch?time_continue=4&v=rqIvIJj1UHA&feature=emb_logo