Праймериз жаңа белестерге жетелейді
Праймериз жаңа белестерге жетелейді
281
оқылды
Қабылданған праймериздің басты міндеттерінің бірі – «Мық­ты Лидерлер – Мықты Пар­тия» қағидаты бойынша үздік көшбасшыларды анықтау және оларды партия құрамына тарту болып табылады. Елбасы, «Nur Otan» пар­тия­сының төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жалын­ды жастарға қашанда сенім біл­діреді әрі үнемі қолдау көр­сетіп келеді. Ендігі партиялық тізімнің 20%-ы 35 жасқа дейінгі жастардан болуы – жаңа буынға берілген үлкен мүмкіндік деу­ге болады. Сонымен қатар үміт­керлерге    халық алдына жа­рия пікірсайыстарға шығуды мін­деттеу де ашықтық пен әді­л­діктің айқын көрінісі болары сөз­сіз! Праймериз тәртібінің то­лық орындалуы және өткізілу ба­рысы – партияның ресми ин­тернет-ресурсы, БАҚ, және әлеу­меттік желілер арқылы ақ­параттандырылатын болады. Бұл праймериз – партия аты­нан мәселелерді шешетін ең белсенді және сенімді мү­ше­лерді анықтауға мүмкіндік бе­ретін нақты қадам. Барлық ай­мақты қамтып, жаңа форматта өте­тін праймериздің маңызы зор. Олай болса, іске сәт дей­міз!

 

Бекзат АЛТЫНБЕКОВ, Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты, меценат