Партияішілік іріктеудің маңызы жоғары
Партияішілік іріктеудің маңызы жоғары
264
оқылды
«Nur Otan» партиясының Төрағасы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік тәжірибеде бар заманауи іріктеу құралын қол­­данысқа енгізу уақыт та­­­лабы еке­нін баса айтқан бо­­латын. Кадрлық резервті нақ­тылауда прай­мериздің нә­тижесі оны әділ де, ашық айқындап берері анық. Был­тыр­­ғы Жылыойдағы пи­лот­­­тық жоба ретінде өткен прай­ме­риз де жергілікті пар­тия бел­сенділерінің қан­ша­­лықты се­німге ие екенін жә­не де ли­дер­лерді, сондай-ақ жақ­тас­та­рымыздың белсен­ділі­гін анық­тап берді. Республика бойынша биыл 17 тамыз-3 қазан аралығында өте­тін праймериз жастарымыз бен жақтастарымызға, пар­тия­ластарымызға өз еліміздің, ту­ған өлкеміздің дамуына үлес қосуға зор мүмкіндік. Ке­ше­гі бекітілген ереже пар­тияі­ші­лік іріктеудің ашықтығы мен әділетті өтуін қамтамасыз ете­рі хақ. Олай болса, ұлт ба­ты­ры Бауыржан Момышұлы айт­қандай, «Елім дегенде емі­ре­ніп, жұр­тым дегенде жүгі­ніп еңбек етуге» даяр шын жүй­рік­терге сәттілік тілейміз.  

Нұрлыбек ОЖАЕВ,  «Nur Otan» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары