Жатақханада бомба барын хабарлаған азамат қамауға алынды
Жатақханада бомба барын хабарлаған азамат қамауға алынды
©Сурет интернеттен алынды
380
оқылды
Дереккөз мәліметінше, 9 маусымда 16.31-де Ақтөбе қаласының ПБ 102 телефонына белгісіз ер адамнан Гришин көшесіндегі шағын отбасылық жатақхана бөлмелерінің бірінде бомба тұрғаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы және шұғыл қызметтер жіберілді. Жатақхананы жан-жағынан қоршап, саперлер көрсетілген бөлмені тексерді.
Алайда жарылыс қаупі бар зат табылмаған.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында бұрын сотталған, сол үйдің 31 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол сол кезде күйде болған. Оның айтуынша, бұл ақпаратты полиция тәртіп сақшыларының жұмысын тексеру үшін хабарлағанын айтқан. Осы жағдайға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы (терроризм актісі туралы жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті ҚР ҚПК 128-бабы бойынша ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды.