Демалыста адамдар көп жиналмау үшін Қапшағай су қоймасы жабылды. Енді, алматылықтар демалыс күндері Қапшағайға барып, суға түсе алмайтын болды. Бұл жайында онлайн-брифинг барысында Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді.
"Сенбі және жексенбі күндері көптеген тұрғындар суға түсуге барады. Бұл адамдардың бір жерге көптеп жиналуына әкеледі. Сондықтан Алматы облысының санитарлық қызметі мобильді постар қойды. Қапшағай су қоймасына апаратын жолды жапты. Сөйтіп адамдардың жаппай жиналуының алдын алды. Бұл - дұрыс шешім", – деді ол.