Қазақстанның басым бөлігінде күн жылы болады
Қазақстанның басым бөлігінде күн жылы болады
© сурет интернеттен алынды
185
оқылды
11 маусым күні Қазақстанның басым бөлігінде күн жылы болады, деп хабарлады Қазгидромет РМК. Қазақстанның басқа өңірлерінде жаңбыр жауып, жел күшейеді. Оңтүстікте шаңды дауыл болады. Қызылорда, Павлодар, Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында жел секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады. Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Қарағанды, Паалодар, Алматы, Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.