Күзде коронавирустың екінші толқыны болмауы да мүмкін - зерттеу
Күзде коронавирустың екінші толқыны болмауы да мүмкін - зерттеу
© сурет интернеттен алынды
240
оқылды
Күзде коронавирустың екінші толқыны болмауы да мүмкін. Себебі соңғы зерттеулер коронавирустың әлсіреп жатқанын көрсеткен. Бұл туралы италиялық вирусолог Массимо Клементидің мәлімдемесінде айтылады, - деп хабарлайды РИА Новости.
Италиядағы Vita-Salute San Raffaele университетінің проректоры жергілікті дәрігерлердің мамырда ауруханаға түскен науқастарда коронавирустың асқынуын аса байқамағанын айтады. Клементидің айтуынша, коронавирус осылай әлсіреп жатыр. Сондай-ақ, дәрігер таяуда Лондондағы ғалымдар тобы жүргізген зерттеу туралы айтты. Ғалымдар осыған дейін Қытайда, Еуропада, АҚШ-та тараған вирустарды зерттеп, сараптама жүргізген.
Осылайша, Италиядағы және Лондондағы ғалымдардың сөзіне қарағанда, вирустың бұл түрі таяуда әлсірейді. Яғни адамдарда респираторлық аурулардың белгілері ғана болуы мүмкін. Сондай-ақ, дәрігерлер күзде пандемияның екінші толқыны болмайды деп сенім білдіріп отыр.