Қызылордадан құбырмен тартылған газ ең алдымен Нұр-Сұлтан қаласының маңындағы елдімекендерге берілмек.
Тіпті, сұйық отынның қысымын бақылау үшін Көкталда сырты қоршалған қондырғылар орнатылып жатыр. Ал бас қалада алғашқылардың бірі болып жұмыс басталған ауданда 200 шақырым құбыр төселіп те ұлгерген. Оған қоса, әкімдік әрбір үйге құбырлардан бөлек, жеке-жеке есептегіш құралдарын да тегін орнатып беруге дайын. Бірақ көгілдір отынды үй ішіне кіргізу, жоба бойынша қарастырылмапты. Ол үшін жекеменшік компаниялардық қызметіне жүгіну керек екен.
"Біздің жобамызда, бұл арнайы құрылғылар есептегіш құралдар. Біздің жобада қарастырылған. "Бізде газбен жобалау мен газ тарту бойынша заңға сәйкес тек әрбір үйдің алдына дейін әкелеміз. Ал одан кейінгі ішкі газ тарту жүйелерін және ішіне қажетті жабдықтарды тартудың барлығы тұтынушы есебінен жасалуы қажет" дейді қалалық әкімдіктің отын-энергетикалық ресурстар бөлімінің басшысы Мақсат Есмағұлов.
Ендігі кезекте, "Интернациональный", "Лесазавод", "Өндіріс" тұрғын алабтары және қала маңындағы бірқатар ауылдарға құбыр тарту көзделген. Ол аудандарда жұмыстар жыл соңына дейін қолға алынбақ.