Егістік алқабында тұрғындар су үшін төбелескен
Егістік алқабында тұрғындар су үшін төбелескен
©Сурет интернеттен алынды
225
оқылды
Әлеуметтік желіде бірнеше адамның қолына таяқ алып, төбелескені жарияланған видео  кең таралып кетті.  Polisia.kz хабарлауынша, 29 мамырда Жетісай АПБ-не ауылдардың бірінде орналасқан егістік алқабында тұрғындар арасында төбелес жайында хабарлама түскен. Оқиға орнына шұғыл шыққан полицейлер олардың төбелесі егістікке арналған суға талас болғанын анықтады. Тәртіп сақшылары тексеру барысында осы төбелеске қатысқан екі адамды ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша барлық қатысушы мен кінәліні анықтауға бағытталған тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның толық мән-жайы тексерілуде. Қазір бұл дерек  ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша тіркелді. Төбелестен кейін дәрігердің көмегіне 12 адам жүгінген екен.
Тұрғындардың алған дене жарақаттарының ауырлығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жетісай ауданы ауруханасының мәліметіне сәйкес бес адам ауруханада емделуде, ал қалғандарына алғашқы көмек беріліп, үйлеріне шығарылған екен.