Шамалған, Қаскелең, Ұзынағаштан Алматыға баратын жолдарға блок-бекеттер қойылған жоқ
Шамалған, Қаскелең, Ұзынағаштан Алматыға баратын жолдарға блок-бекеттер қойылған жоқ
©Сурет интернеттен алынды
319
оқылды
Әлеуметтік желілерде белгісіз адамдар Алматы облысының маңындағы  Шамалған, Қаскелең және Ұзынағашқа апаратын жолдарда әскерилер блок-бекеттер пайда болғаны туралы ақпараттар таратқан болатын. Осының қаншалықты шындыққа жанасатынын Алматы облысының әкімдігі жауап берді.  Облыс әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымұрат Жүкелдің айтуынша, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.
Алматы облысының әкімдігі бұл фактіні ресми түрде жоққа шығарады. Аймақтың периметрі бойынша ешқандай жол кедергілері орнатылмайды. Сонымен қатар, Алматы облысының коронавирустың таралуына қарсы тұру жөніндегі видомствааралық комиссия да мұндай мәселені қарастырған жоқ, - деді ол.
Бұл жайында  zakon.kz  жариялады.