Әділбек Қаба – академик
Әділбек Қаба – академик
546
оқылды

Ел өміріне қатысты қай тақы­рып­қа қалам сілтесе де, терең зерделеп, әлеуметтік проблеманың тамырын дөп басып, қоғамның назарын аудара алатын журналистік шеберлігімен танылған Әділбек Қаба журналистикадағы 30 жыл ішін­де «Жас Алаш», «Айқын» газет­те­рінде бас редактордың орын­ба­сары, «Тіл және Қоғам» журналының бас редакторы, Бас прокуратураның басқарма бастығы – баспасөз қызметінің жетекшісі қызметін абыроймен атқарған танымал тұлға.

Бүгінде ол Парламент Сена­ты баспасөз қызметінің жетекшісі.

Ұлтжандылығымен танымал, желтоқсаншы қаламгер екінің бірі батылы жетіп айта бермейтін ұлттық проблемаларды батыл көтеріп, қоғамдағы қордаланып қалған небір түйткілді мәселелерге биліктің назарын аудартып келеді.

Оқырман қаламгерді жалын­ды жырлары мен тұшымды әңгіме­лері арқылы да жақсы біледі. Оның журналистік қызметінің тағы бір қыры – ғасырлар бойы ауызекі таралып келген қазақ мифологиясын «Мыңнан бір мезет» газетін шығару арқылы ыждаһаттылықпен жинақ­тап, халыққа қайта ұсынуы­ның нәтижесінде, бұл дүниелер қазақ мифологиясының 55 томдығына өзек болды. Оқырманы кітаптарын, жазбаларын ерекше қызығушылық­пен оқитын қаламгер жуықта Әлем халықтары Жазушылары одағының мүшесі атанған болатын.

«Айқын» газетінің негізін қалау­шы­лар­дың бірі, әріптесіміз, қара еңбектен қашпайтын қарапайым әрі талантты журналист Әділбек Қаба мырзаны академик атануымен құт­тық­таймыз және шығармашы­лы­ғы­на шалқар шабыт тілейміз!

 

Айқындықтар